Жолдауы жолдарынан



жүктеу 6.42 Kb.

бет7/10
Дата16.01.2017
өлшемі6.42 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Болыстар
Ауылдар саны
Киіз үйлер
Адамдар саны
ерлер
əйелдер
Дүйсенбай-Шекшек
13
798
2394
3192
Қара-Айтымбет
11
713
2139
2852
Алтымбетовская
7
493
1279
1972
Қарауыл
4
240
720
960
Қояншы-Торғай
11
544
1632
2176
Əлтеке-сарым
15
1048
3144
4192
Төленгіт
14
857
2571
3428
Керей
19
1045
3135
4180
Тарақты
9
590
1770
2360

79
№2(34) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
Күшім
8
460
1380
1840
Байбөрі
28
1823
5469
7292
Тобықты
50
29
8934
11912
Барлығы
189
13589
34617
46.156
Бұл  кестеде  тек  Қарқаралы  болысы  қазақтарының  санағы  көр-
сетілді. 
Құжатта  берілген  мəлімет  бойынша,  ауыл,  киіз  үй,  адам  саны 
жағынан тобықты болысы бірінші орында тұр, екінші орында Байбөрі 
болысы көрсетілсе, үшінші орында Керей болысы қазақтары құрайды. 
Енді, төмендегі кестеде көрсетілген болыстар иелігіндегі мал санына 
назар аударайық [20].
2-кесте. Қарқаралы округі бойынша жүргізілген мал санағы

Болыс атауы қазақтардағы мал 
саны
Жылқы
өгіз
Қой
1
Дүйсенбай-Шекшек
17252
4891
30695
2
Қара-Айтымбет
16789
5342
57915
3
Əлтөбет
8628
3433
34120
4
Қарауыл
9294
4502
48231
5
Қояншы-Торғай
4851
1282
32080
6
Əлтеке-Сарым
17893
5434
102858
7
Төленгіт
7374
3744
53286
8
Керей
20170
3755
84653
9
Тарақты
4286
3141
27395
10
Күшім
4275
3164
28795
11
Байбөрі
28111
9913
156840
12
Тобықты
13112
6284
127918
Жалпы
154035
52855
77556
Мұнда,  халық  саны  жағынан  бірінші  болған  Тобықты  руы 
қазақтарында  жылқы  саны  төртінші  орында  жазылған.  Ал 
Байбөріліктер халық саны жағынан екінші орында тұрса да, олардың 
иелігіндегі  мал  саны  барлық  болыс  қазақтарының  малынан  көп 
болғанын  байқаймыз.  Мұны,  біз  мынадай  жағдаймен  байланысты 
деп  түсінеміз,  яғни,  қазақтың  дəстүрлі  мал  шаруашылығы  ондағы 
халық санына байланысты емес, табиғи ортаға байланысты өсіп да-
митын болу керек. Тобықты болысының қазақтары өлкенің шығыс 
жағын, одан əрі Солтүстік аудандарын мекендеген, ал Байбөрі болы-
сын құрайтын Қуандық, Шұбыртпалы рулары Балқаш көлі маңын, 
Арқа  даласының  оңтүстік  аймақтарына  көшіп-қонған.  Мұның  өзі 
Байбөріліктердің дəстүрлі мал шаруашылығының дамуына əлдеқайда 
қолайлы орынды мекендегенін жəне сол себепті олардың малға бай 

80
№2(34) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
болғанын көрсетеді. Көптеген тарихи құжаттарда кездестіргеніміздей, 
орыс-казактарының Байбөрі қазақтарына ерекше қысым көрсетуі де 
тегін емес еді.
Міне осылайша алынған халық санағы мен мал саны бойынша, 
патша əкімшілігі, енді ясак жинауды бастады. 
Ясак кейде заттай, кейде ақшалай төленді, жылқы үшін 10 сом, ірі-
қаралы малға – 5 с.75 т., қойға 26 тиын 1 күмістен. Патша əкімшілігі 
көрсетілген «тəртіп» бойынша жыл сайын жинайтын дəстүр шығарды. 
1852  жылдары  бұл  салықтың  көлемі  əлдеқайда  өсті: 1832 жылдан 
1836  жылдар  аралығында,  Қарқаралы  округынан – 369852 сом. 
Көкшетау сыртқы округынан 136590 сом ақшалай салық жиналды 
[20, 35–36, 167–168]. Ал, бұл сандардың қаншалықты көп болғанын 
сезіну үшін жоғарыдағы əрбір мал басына белгіленген құн мөлшеріне 
жəне бір округтегі халық санына назар аударайық. Орта есеппен, 21 
мың киіз үйден тұратын 1 дуан жұртынан 370 мың сомдық мал-мүлік 
жиналған.  Бұл,  құжат  тек  ресми,  қағаз  бетіне  түскен  мəлімет.  Ал, 
«заңсыз» жолмен жиналған салық қанша болған еді, оны да естен 
шығармау керек. Міне, осындай қарқынмен тоналған халық, аз уақыт 
ішінде тақыр кедейге айналып жатты. Иə, расында-ақ, қазақ даласы 
отаршыл орыстардың аяғы жетпей тұрған заманда, біз үшін ертегі 
секілді  табын  қой,  үйір  жылқы,  топ  сиырға  толы  еді.  Осыншалық 
байлықты елден жұрдай еткенше тонау, Ресей империясының бас-
ты  көздеген  мақсаты  болды.  Зор  байлыққа  көзі  тұнған  патшалық 
əкімшілік дуан құруды қанқұйлы қақтығыстар болған жағдайда да, 
еш тоқтатпауға бұйырып, қайткен күнде қазақтың жері үстіндегі мен 
жер қойнауындағы байлықты Ресей меншігі етуге ұмтылып бақты. 
Сонымен, ХІХ ғасырдың 20–40 жылдарында Ресей империализмі 
бекіткен басқару жүйесі отарлық саясаттың түрлі тəсілдері арқылы 
іске асты. Жергілікті би-сұлтандарды отарлық билікке тарту арқылы, 
жаулап алу саясатын жеңілдетті, əрі оның қарқынды іске асуына жол 
ашты. Ел ішіне іріткі салу, бірін билікке тартып, екіншісіне қарсы қою 
сияқты империалистердің əдеттегі қолданатын əдістері арқылы Ресей 
империализмі де, өз саясатын «нəтижелі» орындап шықты.
ƏДЕБИЕТТЕР:
1.  Бекмаханов  Е.  Қазақстан  ХІХ  ғасырдың 20-40 жылдарында. – 
Алматы: Санат, 1994. – 416 б.

81
№2(34) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
2.  ҚРОМА 338-қ. 1-т. 411-іс. 49 п.
3.  Тоғжанов Е.Ұ. «Сібір қазақтары облысының басқармасы» жəне 
оның  Ресей  Шығыс  саясатындағы  орны (1822–1868): (ҚРУҒА. 
Мемлекеттік  жəне  Заң  институты.  Заң.ғыл.канд.ғыл.дəрежесін 
алуға жаз. дисс. 12.00.01.). – А., 1995. – 146 б.
4.  Путинцев  Н.Г.  Хронологический  перечень  событий  из  истории 
Сибирского казачьего войска со времени водворения Западно-
сибирских казаков на занимаемой ими ныне территории. – Омск, 
1891. – 256 с.
5.  Бекмаханов 125; Абдрахманова Б.М. Разработка М.М. Сперан-
ским Устава о Сибирских Киргизах 1822 г. // Вестник Московского 
университета.  Серия  историческая. – №8, 1991. – С. 68–77; 
Соныкі,  История  Казахстана:  Власть.  Система  управления, 
территориальное устройство в ХІХ веке. – Астана, 1998. – 132 с. 
6.  ООМА. 3-қ, 1-т, 163-іс. 32-п.
7.  Алексенко Н.В. – 154 б.
8.  Судьба киргизского народа // Восточное обозрение. – №28, 1859. 
9.  Отечественные записки. – 1830. – 120 с.
10. «Дала газетінің уалаяты» – Алматы: Ғылым, 1994. – 816 б.
11.  Жақыпбек С., Садвакасова З. Патшалық тұсындағы қазақ жас-
тарын оқыту тарихынан // ҚазМҰУ хабаршысы. – 1999, – 54 б.
12.  Гейнс  А.К.  Собрание  литературных  трудов . – Т.  І–ІІ. – СПб., 
1897. – Т. ІІ. – СПб, 1898. 
13.  Хронологический  перечень  Акмолинской  области // Памятная 
книжка Акмолинской области и Омской области. – 257 с.
14.  Əдеби мұра жəне зерттеу жөнінде аталған еңбек. – 116 б.
15.  Алекторов А.Е. Указатель книг, журнальных и газетных статей и 
заметок о киргизах. – Казань, 1900. – 157 б.
16.  Əдеби мұра жəне оны зерттеу. – А-А., 1961. – 117 б.
17.  ООМА. 366-қ., І-т. 170-іс, 27-П.
18.  ҚРОМА. 338қ., І-т. 582-іс, 3–4 б-б.
19.  Мұқанов  М.С.  Этническая  территория  казахов  в  ХVІІІ – нач. 
ХХ вв. – А-А., 1991. – 30 б.
20.  ҚРОМА. 338-қор, 1-тізбе, 187-іс, 35-36, 167–168-п.

82
№2(34) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
Дəстүрлі қазақ 
қоғамының 
əлеуметтік ұйымы
Элмира ТЕЛЕУОВА, 
əл-Фараби атыдағы ҚазҰУ-дың 
Қазақстан тарихы кафедасының доценті, 
тарих ғылымдарының кандидаты
Қ
азақ қоғамы өзіне тəн əлеуметтік қатынастардың күрделі 
даму үрдісінен өтті. Кеңестік дəуірдің тарихнамасында 
адамзат  қоғамының  дамуын  қоғамдық-экономикалық 
формацияға  «бес  мүшелі»  схемалық  тұжырымдамада 
пайымдады. Оның негізгі нысанасын, қоғам дамуының 
кезеңдерін  тек  өндіріс  əдісі  мен  өндірістік  қатынастар  бойын-
ша  ғана  анықталатын  формациялық  шеңбер  құрады.  Бұл  кезеңнің 
зерттеулерінде  қоғамдық-экономикалық  формацияда  материалдық 
примат қоғамның руханилығынан үстем қарастырылды. Қоғамның 
дамуындағы қоғамдық ойлау, мəдениет, идеология тыс қалып отыр-
ды.  Рухани  өмірдің  динамикасы-тарихи  прогрестің  негізгі  фак-
торы  ретінде  ескерілмеді.  Қазақ  қоғамының  дамуы  капитализмге 
дейінгі  біртұтас  қоғамдық-экономикалық  формациядан  өткендігі 
қабылданып,  қазақ  қоғамының  саяси-əлеуметтік  жəне  мəдени-
рухани даму ерекшелігі ескерілмей қалды. Қазақ қоғамын зерттеуге 
арналған еңбектерде негізінен таптық қанау, тап арасындағы күрес 
формасы терең қарастырылды. Сонымен қатар  қазақ қоғамындағы 
əлеуметтік  жіктеліс  мəселесі  əлеуметтік  топтың  экономикалық 
мүддесі  тұрғысынан  анықтау  орын  алды.  Бұл  жағдайда  дəстүрлі 
қазақ  қоғамындағы  əлеуметтік  құрылымның  саяси  жəне  рухани 
жағынан атқарған тарихи  қызметін қарастыру мүмкін болмады.
Тарих  ғылымындағы  соңғы  кезеңдердегі  зерттеулердегі 
басымдылық  танытқан  тұжырымдар  адамзат  тарихының  дамуын 
«бес  мүшелі»  схема  бойынша  анықтау  жеткіліксіз  болатындығын 
көрсетті. Мұнда өркениетті халықтардың мəдениетін, шаруашылық 
тəжірибесін,  саяси  құрылыс  нысандарын,  идеологиясын  қабылдай 

83
№2(34) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
отырып,  көптеген  халықтардың  тұтас  даму  сатыларына  соқпай 
өтетіні анықталды [1]. Осыған орай қазақ қоғамның даму үрдісінде 
көшпелі  жəне  жартылай  көшпелі  қоғамдардың  өркениеттілік 
ерекшеліктері жəне қазақ қоғамының өркениеттілік ерекшеліктерін 
талдау қажеттілігі туындады. Қазақ қоғамын зерттеудегі бағыттардың 
бірі «көшпелі қоғам» тұрғысында болды. Қазақ қоғамын номадизмің 
қоғамдық  қатынастары  тарапынан  зерттеу  өзінің  ағысын  тапты. 
Осыған  орай  «номадизм»  тұрғысында  көшпелі  қоғамның  мəдени-
тарихи дамуын зерттеудің бағыттары қалыптасты. 
Көшпеліліктің қалыптасуының бастапқы факторлары жəне оның 
өзіндік  қоғамдық  даму  ерекшелігі  жөніндегі  ізденістер  жүргізілді. 
Номадизмнің  шығуы  жəне  оның  дамуы  арқылы  көшпелі  қоғам 
өміріндегі  табиғи-климаттық  жағдайдың  əсері  жəне  əлеуметтік-
экономикалық  фактордың  ықпалының  зерттелуі  тарихшылардың 
тарапынан  тыс  қалған  жоқ.  Тарихнамада  көшпелілікке  өту  үрдісі 
кездейсоқтық  емес  деп  қорытынды  жасалынды.  Сонымен  қатар 
мал  шаруашылығымен  айналысып  жүрген  тайпалардың  дəстүрлі 
шаруашылық типіне өтуі жəне оның сапалы деңгейге көтерілуінің 
себептерін  ашатын  пікірлер  қалыптасты.  Номадизмге  жартылай 
отырықшы  малшылар  мал  басы  санының  өсуінен  жайылымды 
кеңейту мақсатында өтті деген пікір білдірсе, тағы бір зерттеушілер 
бұл  үрдістегі  шешуші  қызмет  атқарған  климаттық  өзгерістер 
болғандығына  тоқталады.  Номадизмнің  қалыптасуындағы  табиғи 
ортаның  əсерін  Л.Н.Гумилевтің [2] еңбегінде  жан-жақты  талдау 
жасалынды.  Сонымен  қатар  номадизмнің  пайда  болуына  алғашқы 
қауымдық  қатынастарға  ыдыраған  көшпелілерге  оңтүстігіндегі 
отрықшы  мемлекеттердің  саяси  жəне  экономикалық  қысымы  əсер 
болғандығы  туралы  пікірді  А.М.  Хазанов  өзінің  зерттеуінде [3] 
ұсынған болатын. Көшпелі тұрмыста мал шаруашылығымен айналы-
сатын тайпалардың сана-сезімінде əскери қоғамдық қатынастардың 
сақталуы олардың көшпелілікпен айналысуының бастауы болды де-
ген тұжырымдар да болды. Г.Е. Марков [4] мал шаруашылығымен 
жəне  бақташылықпен  айналысатын  халықтардың  номадизмге 
өтуіне  ауқымды  факторлар  жиынтығы-климаттық,  антропогендік, 
əлеуметтік-экономикалық,  саяси,  мəдени  негіздер  құрайтындығын 
көрсетті.  Көшпелі  қазақ  қоғамының  құрылымында  көшпелі 
тұрмыстың маңызды орын алатындығы рас. 
Көшпелі тұрмыс қазақ қоғамының саяси құрлысына, əлеуметтік 
құрылымына,  дүниетанымына,  мəдениетіне  өз  əсерін  тигізді. 
Көшпелі қоғамның дамуы, таптық деңгейі, əлеуметтік-экономикалық 

84
№2(34) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
құрылымы  жəне  өз  мемлекетін  құруға  қабілеттілігі  жөніндегі 
мəселелер  кеңестік  дəуірдегі  зерттеулерде  жиі  талқыланып  отыр-
ды.  Көшпелі  қазақ  қоғамына  қатысты  зерттеулерде  екі  бағыттағы 
тұжырым  қалыптасты.  Бірінші  бағыт  көшпелі  қоғамның  таптарға 
бөлінгендігін,  əлеуметтік  жіктелу  болғандығын  жəне  оның 
мемлекеттік  құрудағы  мүмкіндігін  ашып  көрсетті.  Екінші  бағыт 
көшпелі қоғам таптық қоғамға дейінгі деңгейде болды деген пікір 
білдірді. Бірінші көзқарасты қолдаушылар қазақ қоғамындағы малға 
немесе жерге қатысты меншік түрінің болуы əлеуметтік дифферен-
циацияны қалыптастырды деген ұйғарымдар жасады. 
Қазақ  қоғамында  малға  қатысты  меншік  түрінің  болғандығын 
жəне  көшпеліні  қанау  меншіктеу  негізінде  жүзеге  асқандығын 
С.Е.  Толыбеков  жəне  В.Ф.  Шахматов [5] зерттеулерінде,  жерге 
қатысты меншік түрінің болғандығын Б.Я. Владимирцов, М.П. Вят-
кин, Н.Г. Аполлова, К.А. Пищулина, Т.И. Султанов [6] қарастырған 
болатын.  Мұнда  қазақ  қоғамында  жер  өндіріс  шарты  ғана  емес, 
өндіріс  құрал-жабдығы  болып  табылады  деп  санады.  Дағдылы 
құқық 
нормаларына 
байланысты 
жерді 
(жайылымдарды) 
пайдаланудың  қауымдық  нысаны  сақталған  жағдайда  малдың  ірі 
меншік иелері көшіп-қону жерлеріне билік етті, іс жүзінде ең жақсы 
жайылымдарды иеленді, қанау малды меншіктену ғана емес, жерге 
меншік негізінде де жүзеге асырылды. К.А. Пищулина көшпелілер 
арасындағы əлеуметтік жіктеліс  отырықшы халықтардың əлеуметтік 
дамуындағыдай заңдылық болды деген қорытынды жасады [7]. Осы 
бағыттағы көзқарасты қолдаушылар көшпелі тайпалар мен халықтар 
адамзаттың тарихи дамуының жалпы арнасында жүріп өтіп, өз эво-
люциясында таптық қатынастарға жетті деген тұжырым қабылдады. 
Қазақ қоғамының формациялық деңгейін  патриархаттық-феодалдық 
қоғам болды деген баға орнықты. 
Екінші  бағыттағы  зерттеулердің  тұжырымдамасы  бойынша 
көшпелілер  ертедегі  таптық  қоғам  немесе  дамымаған  қатынастар 
деңгейінде  анықталды.  Сонымен  қатар  көшпелілерде  əлеуметтік 
құрылымдар жетілмеген, таптық тартыстың формасы болмады, жеке 
шаруашылық  түрінде  ыдырай  бастады  деп  көрсетілді.  Көшпелілер 
мемлекеттік деңгейге өз бетінше жете алмайды, бұл оларда отырықшы  
шаруашылықты  өңірлерді  жаулап  алу  арқылы  жəне  осылардың 
тəуелділігінің нəтижесінде қалыптасу мүмкіндігіне назар аударды. 
Номадизмді 
зерттеушілер 
арасында 
көшпелі 
қоғамды 
дəріптеушілер  немесе  оның  артта  қалушылығын    қолдайтын 
көзқарастар  қалыптасты.  Көшпелі  мəдениеттің  отырықшы 

85
№2(34) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
мəдениетсіз өмір сүруі мүмкін емес деп,  кейбір жағдайда екеуін бір-
біріне қарсы қою да зерттеулерде орын алды. 
Қазақ  қоғамын  көшпелі  қоғам  тұрғысынан  қарау  жеткіліксіз. 
Себебі қазақ қоғамы өзінің даму үрдісінде көшпелі жəне отырықшы 
мəдениеттің  ортақ  ұштасуының  нəтижесі  болды.  Өркениет 
зерртеушілерінің бір тобы Евразия даласындағы көшпенділердің та-
рихи даму үрдісін бөліп алып қарауға болмайтындығын ескертеді. 
Өйткені, ол көшпенділер, біріншіден, басқа көршілес қауымдармен 
ара қатынаста болды, ал ол қауымдар болса отырықшы-егіншілер, 
қала мəдениеті дамыған өлкелерде тұрды. Екіншіден, көшпенділердің 
өз ішіінде жартылай отырықшы малшылар тобы болды. Үшіншіден, 
көшпенділіктен  отырықшылыққа  көшу,  қалалық  мəдениетпен 
ұштасу, түйісу тенденциясы тарихта орын алды. Таза көшпенділік 
Евразияның  сайын  даласында  болған  емес,  қала  мен  дала  одағы, 
отырықшылық, пен көшпенділік өзара ұштасып, бір-біріне кірігіп, 
байланысып  жатты.  Сондықтан  да  Евразия  сахарасында  таза 
көшпенділер өркениеті емес дала мен қала мəдениеті ұштасқан Дала 
өркениеті  дамыды.  Дала  өркениетінің  жоғары  деңгейдегі  өзіндік 
дамуы,  əлеуметтік-саяси  құрылымы,  рухани  əлемі,  экономикалық 
негіздері дəстүрлі қазақ қоғамын қалыптастырды. 
Тəуелсіз Қазақстан тарихнамасында дəстүрлі қазақ қоғамының 
құрылымын  қоғамдық-экономикалық  тұрғыда  ғана  емес, 
өркениеттілік  тұрғысынан  пайымдау  зерттеулерде  орын  алып 
отыр. Қазақ қоғамының əлеуметтік құрылымын саяси белсенділігі, 
биліктегі  құқықтары  арқылы  анықтау  қажеттілігінің  дұрыстығы 
зерттеулерде  көтерілді.  Кеңестік  дəуірде  орныққан  қоғамдық 
қатынастарда    жеке  меншіктің  болуы,  қарама-қарсы  екі  тап 
арасындағы  қайшылықтарды  қоғам  дамуының  анықтамасы 
ретінде  қарастыру  бəсеңдеді.  Қоғамның  дамуын  формациялық 
шеңберде  қарастыруда  қоғамның  саяси  дамуы,  мемлекеттік  ны-
сандары, мəдениеті, діні, идеологиясы сияқты өркениет  ұғымына 
кіретін  жақтары  ескерусіз  қалып  отыратындығына    көңіл  бөлді. 
Дəстүрлі  қазақ  қоғамын  құрайтын  институттардың  қызметін 
«өркениеттілік» тұрғысынан теориялық зерттеу тарихшылар тара-
пынан жүргізілуде.
Француз  ағартушылары  ХVIII  ғасырда  «өркениет»  терминін 
азаматтық қоғамды, яғни  əділетті-құқықтық қатынастарға сүйенген 
құрылымды анықтау мақсатында қолданды. Бұл терминге кейін келе 
əр-түрлі  мағына  беріле  бастады.  Американ  антрополгы  Л.  Морган 
мемлекеттік    жəне  жеке  меншіктен  пайда  болған  «тағылықтан» 

86
№2(34) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
кейінгі  реттелген  адамзат  қоғамының  дамуының  сатысы  ретінде 
түсінік берді. О. Шпенглер  цивилизацияны мəдени-тарихи типтің 
фазасы деп қабылдады. А. Тойнби локальді цивилизация тұрғысында 
тарихи-мəдени  жүйенің  дамуының  құрылымы  деп  қарастырды. 
Тарихшылар  қоғамның  дамуында  бұл  терминді  əлемдік  жəне 
локальді  цивилизация  мағынасында  қолданып  жүр.  Ю.В.  Яковец 
[8]  əлемдік  өркениет  пен  адамзат  тарихының  кезеңі  ғасырларға 
созылған саяси, əлеуметтік-экономикалық, рухани өмірінің тарихи 
даму мағынасын түсіндіреді. Бірақ оған қарсы пікір айтушылар да 
бар. Əлемдегі көптеген халықтардың өзіндік тарихи циклі бар жəне 
оны ортақ адамзат өркениеті тұрғысында қарастыру мүмкін емес де-
ген сынды ойларды келтіреді. 
Сондықтан локальді өркениет тұрғысында адамзат қоғамының да-
муын қарастыру мүмкіндігін ұсынады. Ортақ тарихи дамудан өткен 
халықтардың мəдени-тарихи, этникалық, діни жəне экономикалық-
географиялық  ерекшеліктері  локальді  өркениетінде  сипатталды. 
Олай  болған  жағдайда  көптеген  халықтардың  даму  тарихының 
ерекшіліктері  өз  деңгейінде    зерттелуден  тыс  қалады.  Сондықтан 
адамзат  қоғамының  даму  тарихында  өркениеттің  əлемдік  жəне 
локальді мағнасында тең дəрежеде қолданған жөн. Өркениет үнемі 
даму үстінде болады. Оның өмірлік циклі статистикалық формация-
да емес, эволюциялық типтің динамикалық құрылымында өтеді. Ол 
өзінің даму  фазасында пайда болуы (генезисі), құлдырауы, ыдыра-
уы сияқты кезеңдерден өтеді. Əлемдік цивилизация  формациялық 
схемаға  мейлінше  жақын  келеді.  Бірақ  əлемдік  цивилизация 
тарихтың  басталуын  неолиттік  революциядан  бастап,  адамзаттың 
өмір  сүру  жағдайында  тоқталмай  жалғаса  беретіндігін  көрсетеді. 
Ресей  ғалымы  Ю.В.  Яковец  қоғамның  құрылымын    бір-біріне 
тəуелділігіне  қарамастан,  өзіндік    қарым-қатынастарға  негізделген 
вертикальді бес қабатты пирамидаларға бөлген.
Бес  қабатты  өркениет  пирамидасының  құрылымын  маркстік 
схемадағы  бес  сатылы  қоғамның  дамуымен  қатар  қарастырсақ, 
алғашқысында адамзат қоғамының дамуының шексіз болатындығы, 
оның  динамикасының  толассыздығы  анықталады,  екіншісінде 
адамзаттың  жоғарғы  қоғамдық  формациясы  коммунистік  саты 
тарихтың  үнемі  қозғалыстағы      əрекетіне  қайшылық  туғызады. 
Осыған  орай  адамзат  қоғамының  даму  тарихын  формациялық 
көзқараспен  ғана  қарап  қоймай  оған  өркениеттік  көзқараспен 
қарау  қажеттілігі  туындап  отыр.  Соңғы  жылдардағы  зертеулерде 
өркениеттік дамудың ерекшелігіне жəне оның анықтамасына талдау 

87
№2(34) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
жасалынды. Оның ішінде М.Қ. Қозыбаев «Өркениет хақында» атты 
мақаласында [9] өркениеттің анықтамасы берілген тұжырымдарды 
көрсетсек болады: 
1.  Өркениет  тірнек  (материальная),  көрнек  (духовная) 
мəдениеттерінің ұзақ мерзімді тарихи дамуының нəтижесі;
2.  Бір  немесе  бірнеше  ірі  этностардың  (халықтардың) 
этнодемократиялық  мəдени  əлеуметтік  бірлігіне  негізделген 
өркениет  ауқымы  бірде  есіліп-көсіліп,  бірде  тарылып-қысылып 
дамығанымен  оның  өзегі  негізді  болады.  Евразия  сахарасындағы 
Дла  өркениетінің  өзегі  бір  заманда  түркі  тайпалары,  оның  ішінде 
қыпшақтар болса, кейін қазақтар екендігі дау тудырмаса керек. Ұлы 
Мағжанның  түркі  жұртына  ұлы  шаңырақ  иесі  болып  қазақ  қалған 
жоқпа?-деуі де осыдан болса керек.
3.  Өркениет-мəдени  тип,  ол  ұзақ  эволюциялық  дамудың 
нəтижесі, тұйық, ағысы жоқ жерде эволюциялық даму емес, борсу 
бар, іру бар, шіру бар, бір орнынан қозғалмай, тыпырлау бар. Қалай 
болғанда, өркениет дегеніміз эволюциялық белгілі бір дəрежеде эт-
ностармен  мемлекеттердің аралас-құралас қана емес тарихи жəне 
мəдени  біртектілік  болымысының  автономды  дамуы  болса  керек. 
Қазақ  қоғамын  Дала  өркениетінің  тұрғысында  пайымдау  арқылы 
оның  əлемдік  дамуға  қосқан  үлесін  осы  мақалада  М.Қ.  Қозыбаев 
жіктеп  берген  болатын.  Олай  болса  қазақ  қоғамының  ерекшелігін 
осы өркениеттің тұтастық негізінде талдауға болады. 
Қазақ  қоғамының  əлуметтік  құрылымын  өркениеттілік  тұрғы-
сында зерттеу қағидасы бойынша ізденіс жүргізген А. Оразбаеваның 
еңбегінде  берілген  төмендегі  тұжырымның  маңыздылығы  ерекше: 
«Сонымен,  көшпелі  қоғамның  шаруашылық-экономикалық  жəне 
саяси ерекшелігі айналып келгенде бір ғана өркениетілік факторға-
көлбеу  (горизонталды)  қарым-қатынастарға  негізделген    əлеуметік 
байланыстарға  тəуелді  десе  болады.  Көлбеу  əлеуметік  қарым-
қатынастар экономикалық мүдделікке негізделген таптық жіктелісті 
жоққа  шығарады.  Нақты  таптық  жіктелістің  болмауы  өз  кезегінде 
қоғамдық  іс-əрекет  атаулының  барлығы  эканомикалық  немесе  са-
яси  ғана  емес,сол  сияқты  əлеуметік  жəне  мəдени  қажетіліктерге 
негізделуін қамтамасыз етеді. 
Осы  тұрғыдан  келгенде,  тарихилық  қағидасының  өзі  тари-
хи  болмыстың  тек  материалдық  қыры  ғана  емес,  рухани  мəнінде 
айқындайтыны  ақиқат.  Ендеше  ,ұлттық  тарихымызды  талдау,  са-
ралау  барысында  зерттеудің  негізгі  нысаны  ретінде  қандай  да 
бір  жалаң,  абстрактілі  өндіріс  тəсілін  емес,  қоғамдық  дамудың 

88
№2(34) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
əлеуметік-мəдени  қырынан  келгендегі  ұдайы  өндірісін  қарастыру 
тиімдірек сияқты» [10].
Қазақ  қоғамының  дамуы  оның  əлеуметтік-экономикалық 
қатынастарынан  емес,  қоғамның  саяси  құрылымы,  билік 
тетіктерінің  ұйымдастырылуы  жəне  мəдени  қажеттіліктердің 
құрылымы  тұрғысынан  ерекшеленді.  Қазақ  қоғамындағы  нақты 
таптық  жіктелістің  болмауы  өз  кезегінде  қоғамдық  іс-əрекет 
атаулының  барлығы  əлеуметтік-экономикалық  немесе  саяси  ғана 
емес,  əлеуметтік  жəне  мəдени  қажеттіліктерден  келіп  туындауын 
қамтамасыз ететіндігін көрсетеді. 
Ортағасырлардағы қазақ қоғамында əлеуметтік жіктелудің болуы 
оның  қатынастарының  даму  тарихи  зерттеулерде  өз  дəрежесінде 
талқыға түспеген мəселелердің біріне жатады. Мұның басты себебі 
зерттеулерде  Қазақ  хандығының  саяси  тарихына  тереңірек  көңіл 
бөлініп,  ал  оның  əлеуметтік  қатынастары  дамымаған  көшпелі 
қоғамдық  құрылыстың  құбылысы  ретінде  ғана  көрсете  білген. 
Негізінде ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық реттеулер мен оның 
түсінігі  ескіден  қалған  дəстүр  болды,  ол  бүтіндей  алғанда  өзіндік 
сыртқы  қабаты  ретінде  қоғамның  кешкен  тұрмысында  əлеуметтік 
қатынастарының  бөлінуінің  экономикалық  мүддесі  арқылы 
анықталған болатын.
Ендігі  жерде  қазақ  қоғамының  əлеуметтік  құрылымына  жəне 
ондағы жіктелу үрдісіне тоқталмас бұрын, жалпы қоғамның əлеуметтік 
құрылымы  жəне  əлеуметтік  жіктеуге  тұжырымдық  сипаттама  беріп 
өтсек болады. Əлеуметтік құрылымды қандай қоғам болсын, алатын 
орнына  қарай  ажыратылатын  əлеуметтік  топтардың  жиынтығынан 
анықтайды. Маркстік жəне Лениндік ілімнің үстемдігі тұсында тари-
хи зерттеулерде əлеуметтік-саяси жүйеде өзінің экономикалық жəне 
саяси орнын көрсететін топтардың ерекше белгілері болды.
Əлеуметтік  топтардың    сипаттамаларын  өлшеу  (əр  түрлі 
елдердегі), бір елдің ішіндегі жағдайларын анықтау үшін əлеуметтік 
жіктеу  (стратификация)  деген  ұғым  енгізілді.  Əлеуметтік  жіктеу 
қоғамның  құрамына  енетін  топтардың  анықталған  жиынтығын 
түсіндірді.  Бұл  теория  сол  қоғамға  тəн  маңызды  белгілер  мен  бір-
бірінен ерекше əлеуметтік жіктердің жиынтылығы – меншік сипа-
тын, табыс мөлшерін, билік көлемін, беделін, ұлттық, тағы да басқа 
белгілерін ажыратуды қамтамасыз етеді. Олай болса əлеумет – сол 
қоғамның  портреті  деуге  болады.  Сонымен  жіктеу – отбасының, 
жеке адамдардың бір-біріне тең емес билік, меншік жəне атақтарына 
қарай түрліше топталатын үрдістің нəтижесі.

89
№2(34) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
Əлеуметтік  жіктеу  теориясы  бойынша  экономикалық  жəне 
əлеуметтік құрылым өзара байланысты. Бірақ экономикалық қатынас 
əлеуметтік құрылымды өзгертуінде іске асырылмайды. Əлеуметтік 
құрылым  біздің  өміріміздей  шындықтың  негізі  болып  есептеледі. 
Тұжырымдағанда құрылым бірлестіктердің өзара қарым-қатынасын 
сипаттайды:  əлеуметтік  топтық,  əлеуметтік  топтар  жəне  жіктер, 
əлеуметтік-демографиялық  (жастар,  əйелдер,  ерлер,  қарттар), 
əлеуметтік-этникалық  (ұлттар,  халықтар),  əлеуметтік-кəсіби 
(қызметі), əлеуметтік-мəдени жəне əлеуметтік-территориялық.
Біздің негізгі зерттейтін нысанамыз қазақ қоғамындағы əлеуметтік 
топтардың  əлеуметтік-этникалық,  əлеуметтік-кəсіби  (қызметі), 
əлеуметтік-мəдени  жəне  əлеуметтік-территориялық  құрылымның 
негіздері.  Өйткені  күрделі  дəстүрлі  қазақ  қоғамының  əлеуметтік 
құрылымы  оның  осы  ұлтқа  ғана  тəн  белгісі,  əлеуметтік-кəсіби 
билеуші топтық атқарған қызметіне орай, əлеуметтік-мəдени топтың 
ұлттың руханилық мүддесіндегі қызметін айқындалса, əлеуметтік-
территориялық  жағынан  қалалы,  отырықшы  аудандарындағы 
əлеуметтік топтың өз ерекшелігі болды. 
Қазақ қоғамындағы əлеуметтік қатынастар жүйесі өзіне дейінгі 
далалық  өңірде  өмір  сүрген  əскери-потестарлық  құрылымдардан 
жалғасын  тапты.  Бұл  жүйеде  генеалогиялық  принципке  сүйенген 
əлеуметтік  топтарға  бөліну  бағыты  болғандығы  жөнінде  тарих-
шы И.Е. Ерофеева өз зерттеуінде талдаған: «Черезвычайно важная 
роль в ней принадлежала генеалогическому принципу ранжирова-
ния  различных  социальных  групп,  который  опиралься  на  тради-
ционные  представления  номадов  о  праве  первородства,  родства  и 
старшинства» [11]. Сонымен қатар осы автордың зерттеуінде қазақ 
қоғамының дəстүрлі потестарлық-саяси ұйымының генеалогиялық 
принцип  бойынша  іске  асуына  төмендегідей  талдау  жасайды: «в 
форме исторически  сложившегося деления казахов на три крупных 
этнотерриторильных объединения – Старший, Средний и Младший 
жузы;  многоступенчатой  иерархии  правовых  статусов  составляв-
ших их кланово-патрономических групп; статусной иерархии раз-
личных  субьектов  властных  отношений  по  критерию  клановой 
и  сословно-кастовой  принадлежности» [11]. Қазақ  қоғамының 
əлеуметтік шеңберін ғасырлар бойы қалыптасқан рулық-тайпалық 
бірлестіктер  арасындағы  өзара  қатынастық,  бірнеше  сатылы 
құқықтық  артықшылықтарына  сүйенген  жеке  индивидтердің 
билігіне  сəйкес,  тайпалық,  əулеттік  тегіне  қарай  анықталатын 
жиынтық құрады.

90
№2(34) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
Хандық  дəуірде  қазақ  қоғамы  өзара  тығыз  байланыста 
болған,  ұйымдастырылған  иерархиялық  əлеуметтік  құрылымнан 
тұрды.  Қазақ  қоғамын  құрайтын  индивидтердің  экономикалық 
артықшылығынан  басқа,  қоғамдағы  атқаратын    саяси  қызыметі 
мен  міндеттері,  құқықтық  белгілері  бойынша  мəртебесіне  сəйкес 
əлеуметтік құрылымды біріктірді.
Қазақ  қоғамының  əлеуметтік  бөлінуі  көптеген  зерттеулер-
де  берілгендей  біріне-бірі  қарама-қарсы  топтардың  жиынтығын 
құрады  деген  тұжырымнан  алшақтау  қажет.  Қазақ  қоғамының 
əлеуметтік  топтары  бір-бірін  толықтыратын  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан  қоғам  ішінде  атқаратын  нақты  қызметі  бар  санаттар-
дан  тұрды.  Себебі  бұлардың  əлеуметтік  ерекшілігі  қоғам  ішіндегі 
əдеттегі-құқық  арқылы  анықталып  отырды.  Олардың  арасын-
да  экономикалық  тəуелділігі  бар  түрлі  топтар  болды.  Осыған 
қарамастан  əр  топтың  əдеттегі-құқықтық  артықшылықтары  айқын 
сақталды.  Қазақ  қоғамының  əлеуметтік  бөлінуіне  тəн  ерекшелік 
индивидтердің  «ақсүйек»  жəне  «қарасүйек»  дейтіндерге  сарала-
нуы болды. «Ақсүйек» санатын – əулеттік жəне шығу тегіне қарай 
ерекшеленетін,  сырттан  ешкімді  қабылдамайтын  индивидтердің 
жабық  əлеуметтік  тобы  құрады.  Оған – төрелер,  сайидтар  жəне 
қожалар енді. Бұлар қоғамдық қатынастар құрылымында саяси жəне 
құқытық белгілері арқылы анықталды. Қазақ қоғамында «ақсүйек» 
терминінің қалыптасуы қазақ халқының тарихының алғашқы жыл-
дарына жатқызуға болады.
Қазақ  қоғамындағы  индивидтердің  ашық  əлуметтік  тобын 
құрайтындар  қатарына  билер,  батырлар,  ақсақалдар  жатты. 
Бұлардың қоғамдық қатынастардағы құқытық ерекшелігі атқаратын 
саяси  қызметімен  сараланды.  Мұнда  генеологиялық  принцип 
іске аспады. Бұл əлеуметтік топқа қоғам мүшесінің жеке басының 
қасиеттері арқылы ене алды. Ал бұлардың билігіндегі қазақ қауымы 
да  осы  қоғамдық  құрылыстың  жүйесін  құрады.  Көптеген  зерттеу-
лерде «қара сүйек», «қара халық», «қарашы» деген атаулармен, яғни 
Шыңғыс  ұрпағына  жатпайтын  барлық  қазақтарды  осылай  береді. 
Шындығында бұл атаулардың барлығы дерлік қазақ қауымына тəн 
ұғым деп айта алмаймыз. 
Қазақ  мемлекетінің  тарихи  қалыптасу  кезеңінен  бастап  билік 
жүйесіндегі  құқық  Шыңғыс  ұрпағынан  тараған  Жошылықтардың 
қолында  болды.  Көшпелі  қазақ  қоғамындағы  мемлекеттік  билікке 
көзқарас  өзінің  дүниетанымдық  мөлдірлігімен  жəне  пəктігімен 
ерекшеленеді.  Халық – биліктің  негізгі  тірегі,  оның  қайнар  көзі. 

91
№2(34) 2012
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МƏДЕНИЕТ
Сондықтан билік игілігі халыққа бағытталуы керек. Ондай болмаған 
жағдайда  биліктің  тұрақтап  тұруы  неғайбыл,  оның  өміршендігі 
күмəнді. «Халық  каһарланса,  ханды  да  тақтан  тайдырады»  дейді 
қазақ.  Көшпелі  ежелден  келе  жатқан  «Ханды  көтеру»,  рəсімі 
мемлекеттік  биліктің  басты  тұғыры  халық  екендігін  көрсететін 
ұғымның көрінісі. 
Соңғы  уақыттағы  қазақ  қоғамындағы  əлеуметтік  қатынастар 
тұрғысындағы 
зерттеулер 
оның 
рулық-тайпалық, 
əдеттік-
құқықтық, саяси билік, рухани ерекшеліктеріне қатысты бағыттарда 
жүргізілуде. Оның нəтижесі  ортағасырлар тарихы үстем таптар не-
месе дамыған феодалдық қатынастар тұрғысында қарастыру өзінің 
маңыздылығын төмендетіп, жеке билеушілер тарихына, қоғамдағы 
жеке  тұлғалардың  роліне    жете  көңіл  бөлу  басымдылық  танытып 
отыр. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©www.emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал